ТЖД қызметкерлері облыс тұрғындарынан өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.
Облыс аумағында өрт қауіпті кезеңі аясында жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шаралар барысында қоқыстар және құрғақ шөптерді жағу секілді фактілер орын алуда. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен айқындалған құқық бұзушылыққа алып келеді. Осыған сәйкес, облыс тұрғындарына қоқыстар мен құрғақ шөптерді өртемеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертпелер айтылды.
Түркістан облысы ТЖД