Түркістан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары З. Жолдасовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді. Мәжіліс барысында шомылу маусымына дайындық пен өрт қауіпсіздігі бойынша мәселелер қаралды. Тиісті мекемелердің баяндамалары тыңдалып, комиссия төрағасы жауапты мекемелер мен қала, аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
Түркістан облысы ТЖД