Түркістан облысының су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында, жағажайлардың су түбін тексеру және тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Облыста су айдындарында жаппай демалыс орындарын зерттеу жұмыстары маусым айында басталды. Демалыс орындарын зерттеп-қарау алдында су пайдаланушы меншік нысанына қарамастан, өз жағажайын су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес жабдықтауы тиіс.
ТЖД жедел-құтқару жасағы сүңгуірлерінің мақсаты – су түбіндегі жартастар, шұңқырлардың, сондай-ақ, шомылушының қауіпсіздігіне әсер ететін түрлі заттарды анықтау болып табылады.
Құтқарушылар су айдындарында, арнайы бөлінген, жабдықталған орындарда ғана шомылуға рұқсат етілгенін еске салады!
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі