Түркістан облсында Адасқандар табылды және таудан түсірілді

Түркістан облсында Адасқандар табылды және таудан түсірілді

Түркістан облсында Адасқандар табылды және таудан түсірілді

2024 жылдың 31 наурызында 21-45 сағатта  Түркістан облысы Атбұлақ ауылынан 15 ш. жерде орналасқан "Қазығұрт" тау шатқалында ТЖД күшімен 31 наурызда күндіз саңырауқұлақтарды жинау үшін тау шатқалына көтеріліп, адасып кеткен 2 адам құтқарылып, құтқарушылардың сүйемелдеуімен таудан өз бетінше түсірілді. Медициналық көмек қажет емес.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпас бұрын сол аймақтың ауа-райымен міндетті түрде танысуғаи кеңес береді. Дауыл туралы ескертулерге құлақ асыңыз. Жақындарыңызға жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Сонымен қатар, сізде зарядталған телефон мен паурбанк болуы керек. Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі