Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларды марапаттады.

Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларды марапаттады.

Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларды марапаттады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің алғыс хатымен Түркістандық құтқарушыларды марапатталды.

Оларға «Төтенше жағдайдайлар министрінің және Департаменттің» алғыс хаттары табысталды.

Түркістан облысы ТЖД бастығы Асқар Төлешев өз жұмысын адал атқарған, ақпан айында қар қырсауы кезінде жолдарда қалған науқастар мен жолаушыларға көмектескен өрт сөндіру қызметінің 29 қызметкеріне алғыс хаттарды табыс етті.

Сонымен қатар, құтқару жұмыстарына шыққан ерікті Түлкібас ауданының 5 тұрғынына Департамент бастығының алғыс хаттары табысталды.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі