ТО ТЖД Наурыз мейрамы тойланд

ТО ТЖД Наурыз мейрамы тойланд

Түркістан облысы ТЖД жайма шуақ көктемнің «әз – Наурыз» мейрамын атап өтті.

Шараға төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері, ТЖД қызметкерлері, олардың отбасылары, сондай-ақ, шақырылған қонақтар қатысты.

ТЖД бастығы А.Төлешев Наурыз мерекесімен арнайы құттықтап сөз сөйледі.

Төтенше жағдайлар департаменті аумағында таңертеңнен ұлттық әуендер ойналып, әндер шырқалды.

Арнайы киіз үйлер тігіліп, қонақтар қазақтың ұлттық тағамдары мен наурыз көжеден дәм татты.

Балаларға арналған серіппе мен алты бақан құрылып, түйе мен атқа міну іс-шаралары ұйымдастырылды.

«Арқан тарту», «Қошқар көтеру», «Гир көтеру», «Ләңгі ойнау» спорттық сайыстары өткізіліп, үздіктер анықталды.

Қызметкерлер арасында «Тұсау кесу», «Бесікке салу», «Беташар» сияқты ұлттық салт-дәстүрлер қойылымы көрсетілді.

Сонымен қатар, келген қонақтар Алтыбақан теуіп, арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалады.

 

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі