ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫ «ӨРМЕКШІ ҚЫЗ»

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫ «ӨРМЕКШІ ҚЫЗ»

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰТҚАРУШЫ «ӨРМЕКШІ ҚЫЗ»

Түркістандық құтқарушы Айдана Тұрсынды көпшілік «өрмекші қыз» деп атайды. Себебі, ол екінші қабатқа ешқандай құрылғыны пайдаланбай-ақ еркін шыға алады. Бойжеткеннің бұл әрекеті көпшілікті таңқалдырып отыр. Сондай-ақ, жылдамдық пен ептілікті үйлестіре білген сұлу қыздың түрлі әлемдік додалардан да топ жарып келген сәті көп.

 

Айдананың шеберлігі паш етілген алғашқы видео Түркияда тарады. Құтқарушылар арасында өткен әлем чемпионатында қазақстандық бойжеткен екінші орынды жеңіп алды. Қаршадай қыздың екінші қабатқа сатымен зу етіп көтерілген сәті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. «Өрмекші қыз» деген лақап ат та сол видоға қатысты қойылған болатын.

Айдана Түркістан облыстық ТЖД-да қызмет етеді. Шені аға лейтенант.

Онымен қоса халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Таңертеңмен таза ауада жүгіріп, бой сергітсе, кешкісін спорт залда жаттығулар жасайды.

2023 жылы Түркияда өткен жарыста кедергілері бар 100 метр қашықтықты 16 секунд ішінде жүгіріп өтті және 7 секунд ішінде екінші қабатқа сатымен көтеріліп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Сондай-ақ, 2022 жылы Самарқанд қаласында өткен өрт құтқару спортынан әлем чемпионы атанды.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі