Қосымша ақпарат

Қосымша ақпарат

Түркістан облысы Отырар ауданының Көксарай елді мекені жанындағы Сырдария өзенінде іздестіру жұмыстары түнгі уақытта да жалғасуда.

Қазіргі уақытта суға батқан 11 адамның 8-нің денесі судан шығарылды, қалған 3 адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Құтқарушыларға іздестіру жұмыстарында қиындық туғызып жатқан жағдайлар:
- өзен арнасының тереңдігі (5-6 метр);
- өзен астындағы құлаған ағаштар;
- түнгі мезгілде су астындағы көзбен шолу мүмкіндігінің жоқтығы.

ТЖД ескертеді: суда болған жағдайда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.
Тек шомылуға рұқсат етілген жерлерде суға түсіңіздер!
Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!
Мас күйінде суға түсуге тыйым салынады.