Түркістан облысында аулалар мен көшелерді су басу туралы ақпарат

Түркістан облысында аулалар мен көшелерді су басу туралы ақпарат

Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы  аудандарында  жауған жауын-шашын салдарынан көшелерді су басу жағдайы орын алған. Қазіргі таңда тұрғын үйлердің су басуына жол бермеу мақсатында, ТЖД қызметкерлерінің көмегімен жаңбыр суын сору жұмыстары жалғасуда.

2023 жылдың 2 ақпанында Түркістан облысында қатты жауын-шашын мен қалың қардың еруі салдарынан су деңгейі көтерілді, содан кейін еңіспен төмен қарай су тасқыны болды. Соның салдарынан 2 қалада (Кентау, Түркістан) және 3 ауданда (Бәйдібек, Ордабасы, Сауран) аулалар мен көшелерді су басып, су басқан аулалардың саны анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып, шығару жұмыстары жүргізілуде.

Жұмысқа Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 56 қызметкер, 10 бірлік техника, 20 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен суды сору және арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты ТЖД жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда.

 

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі