СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДА ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік
саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін, Заң үстемдігін орнатып,
нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен жемқорлықтың тамырына
балта шабылу керек екендігін атап өткен болатын. Осыған орай, бүгін
«АМАNАТ» партиясы Түлкібас аудандық филиалының мәжіліс залында Сыбайлас
жемқорлықтың алдын-алу және оған мүлдем төзбеушілік қағидасын
қалыптастыру мақсатында Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің және
№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе
дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға Түлкібас аудандық Төтенше жағдайлар
Бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Кокыров Арыстанбек
Асанбекұлы, «АМАNАТ» партиясы Түлкібас аудандық филиалының консультанты
Әміров Айбек Пірімжанұлы арнайы қатысып, хабарлама жасады.
Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламаларды
орындау жөнінде жүргізілген заңнамалық жұмысқа баса назар аударып, елдің
әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне
жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып
жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып
отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын-алып, онымен барынша күресу
керектігі айтылып, өзара пікір алмасылды.