Түркістан облысында су сору жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысында су сору жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысында су сору жұмыстары жалғасуда

2022 жылғы 12 наурызда Атакент кенті, Мақатарал, Ж.Нұрлыбаев, Достық, Жаңажол, Жамбыл ауылдық округтері аумағында жер асты суы деңгейі көтеріліп, бірнеше үйлердің ауласына су толғандығы жөнінде аудандық №20, №21 өрт сөндіру бекеттерінің байланыс бөліміне тұрғындардан хабарлама келіп түсті.
Аталған хабарламалар бойынша жергілікті атқарушы және төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тарапынан аумақтан су сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктердің ұйымдастыруымен 60-қа жуық су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығару жұмыстарымен айналысуда.
Жұмысқа ТЖ департаментінің жеке құрамынан 56 адам, 34 мотопомпа және 8 арнайы техникасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның 69 адам, 21 мотопомпа және 16 техникасы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда 16000 текше метр су сорып шығарылды. Сонымен қатар көшелерді, үйлердің аулаларын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылып, тұрғындар тарапынан хабарламалар түскен жағдайда шұғыл іс-шаралар атқарылуда.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі