Жылыту маусымы қарсаңында күнделікті аралау жұмыстары басталып кетті

Жылыту маусымы қарсаңында күнделікті аралау жұмыстары басталып кетті

Жылыту маусымы қарсаңында күнделікті аралау жұмыстары басталып кетті

 

Жыл сайын жылу беру кезеңі басталар алдында өрттерді, өлім мен жарақаттанудың алдын алу және болдырмау мақсатында Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жеке тұрғын үй секторын аралау бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

Ағымдағы жылы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен бірлесіп атаулы алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін халықтың әлеуметтік осал топтарының тізіміне түзету жүргізілді. Нәтижесінде жеке секторда тұратын 20417 әлеуметтік осал отбасылардың үйлері есепке алынды. Бірлескен түрде аралау барысында а.ж. 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында әлеуметтік осал отбасылардың үйлері толық қамтылған.

Департамент қызметкерлері тұрғын үйлерді аралау барысында, халыққа тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, пештер мен құбырларды, уақытылы тазалауды, сондай-ақ пештерде улы газ шығуы мүмкін сызаттардың болмауы туралы ақпараттар берді.

Келер жылыту маусымына дайындық аясында, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына жылыту құралдарын жөнге келтіруді, құбырларды күйеден тазартуды, сондай-ақ барлық электр сымдарын қалыпқа келітіріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады!

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі