"Әр бәр үйге қауіпсіздік" қауіпсіз балалық шақ

"Әр бәр үйге қауіпсіздік" қауіпсіз балалық шақ

Көп пәтерлі тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу, балалардың жарақаттану мәселесіне назар аудару, балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың санын азайту және олардың жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері тарапынан қала аумағында "Әр үйге қауіпсіздік" акциясын ұйымдастырды. Балалар үшін өрт сөндірушілердің жауынгерлік жабдықтарымен танысу, өрт сөндіргіштің көмегімен жануды тәжірибелік сөндіру және тағы басқа да шаралар ұйымдастырылған, балалар көптеген жағымды эмоциялар алды.
▪️Викториналар,қозғалмалы байқаулар, кәдесый және үйретуші көрнекі-бейнелеу өнімдерін тарату –ТЖБ қызметкерлері дайындаған іс-шаралар тізімінің аздаған бөлігі. Іс-шараларда алынған барлық білім өткізілген эстафетада тәжірибелік іс-әрекеттермен көрсетілді.
▪️Үй тұрғындары өз үйлерінде өрттің пайда болуына жол бермеу үшін бірқатар тыйымдарды сақтауы керек:
🔸️ көп пәтерлі ғимараттардың жертөлелерінде, сондай-ақ олардың шатырларында және төменгі қабаттарында әртүрлі жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды, жарылғыш заттарды, пиротехниканы, жанғыш газы бар баллондарды және т. б. сақтауға және пайдалануға;
🔸️аталған үй-жайларды шеберханаларды, қоймаларды немесе өндірістік учаскелерді ұйымдастыру үшін пайдалануға;
🔸️ қабаттарда эвакуациялық шығу есіктерін қайта жөндеу жүргізуге;
🔸️ өрт крандары мен алғашқы өрт сөндіру құралдарына кіреберістерде, секциялар арасындағы өткелдерде ⤵️⤵️⤵️
🔸️киімдерді немесе бензин мен басқа да жанғыш сұйықтықтарды қолданып жуу немесе оларды тазалау үшін пайдалануға, қатып қалған коммуникацияларды жылыту үшін ашық отты пайдалануға;
🔸️түтінденбейтін баспалдақ торларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін балкондар мен галереяларды шынылауға;
🔸️зақымдалған розеткалар мен электр ажыратқыштарды қолдануға;
🔸️электр желісіне қосылған тұрмыстық электр жылыту құралдарын қараусыз қалдыруға тыйым салынады.