2021 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша облыс аумағындағы шығуларға талдау жасалынды

2021 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша облыс аумағындағы  шығуларға талдау жасалынды

2021 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша облыс аумағындағы

шығуларға талдау жасалынды

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша облыс аумағында өрт сөндіру қызметінің құрылымдық бөліністері 8 998 рет және жедел-құтқару жасағы   49 рет түрлі шақырулармен шықты. Оның ішінде дабыл бойынша:   өрт сөндіру қызметінің бөліністері гарнизон шегіндегі өрттерді сөндіруге – 182 рет (2020 жылдың осы кезеңінде – 184, (-1,09%)), авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге – 53 рет (2020 жылы – 106, (-50,0%)), өрт ретінде есепке алынбайтын жану жағдайларына – 950 рет (2020 жылы - 1015,  (-6,40%)), басқада шығуларға 7 813 рет (өрт-тактикалық оқу-жаттығуларына 16, өрт-тактикалық оқу сабақтарына 274, су көздерін түзетуге  90, оқу кестесі бойынша сабақтарға 4447, механикаландырылған шолуларға 289, басқа да шығуларға 2697) шықты. 

Жедел-құтқару жасағы ағымдағы мерзім ішінде 27 рет іздестіру-құтқару жұмыстарын және 18 рет авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде       87 (оның ішінде – 15 бала) адам құтқарылып, 2 адам (оның ішінде – 1 бала) қауіпсіз аймаққа көшірілсе, 22 адам (оның ішінде – 10 бала) - қайтыс болды.

Өрттен құтқарылған материалдық құндылықтар – 1 миллиард 043 миллион 950 мың теңге (2020 жылы – 1 млрд. 128 миллион 500 мың тенге), (-7,49%), келтірілген шығын көлемі 334 миллион 599 мың 904 теңгені құрады (2020 жылы - 383 миллион 181 мың 300 теңге), (-12,68%).

2021 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша өрттерде құтқарылған адамдар жоқ (2020 жылы - 6), 30 адам эвакуацияланған (2020 жылы- 34, (-11,76%)), 7 адам қайтыс болды (2020 жылы - 9, (-22,22%)), 3 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды (2020 жылы -7, (-57,14 %)). 

Авариялық-құтқару жұмыстарын атқару барысында 220 адам құтқарылып (2020 жылы -  28, (7,8 есе артқан)), 418 адам қауіпсіз орынға көшірілген (2020 жылы -  434, (-3,69% кеміген)).Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында 14 адам құтқарылған.Жалпы алғанда шығулар барысында 234 адам (2020 жылы – 34, (6,8 есе артқан)) құтқарылып, 448 адам қауіпсіз деген орындарға эвакуацияланды                                              (2020 жылы – 468, (- 4,27%)).

Өрт сөндіруші мамандығын қателесіп тандаған адам жоқ шығар сірә. Өрт сөндіру қызметі-бұл жай ғана жұмыс емес, нағыз ер азаматтарға ғана тән жұмыс. Мен әріптестерімді «нағыз ер жүрек азаматтар», «қаһарман жандар»,- деп айтар едім.

Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген қызметкерлеріміз қиын жағдайға тап болған адамдарға  қол ұшын созуға кез келген уақытта дайын екендері сөзсіз және осындай ерлік көрсетіп, батырлық танытып жүрген азаматтарымыз да аз емес. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін құтқарып қалатын жандар, қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды.Өрт сөндіруші қызметі- қателікті кешірмейді, өйткені қызметіміз – өте маңызды және қауіпті.

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары Сіздерден өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!

 

Түркістан облысы ТЖД

«ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы

азаматтық қорғау полковнигі

                                                       Бахытжан Абдуллаұлы Абдугапаров