Суда шомылу қауіпсіздігі

Суда шомылу қауіпсіздігі

Суда шомылу қауіпсіздігі

 

Қыстан қысылып суықтан шаршаған адамдарға жаздың ең керемет ләззаттарының бірі – табиғат аясында ашық суда шомылу. Табиғат аясында демалу барысында балаларды байқамай аз уақыт қараусыз қалдырудың өзі кей кездері қайғылы жағдайға әкеп соқтырып жатады. Сол кезде амалсыздан өкініш бойыңды билейді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін қарапайым судағы қауіпсіздік жағдайларды естен шығармау қажет.

Негізінен судағы өлімнің себептері – арнайы шомылуға жабдықталмаған жерлерде  түсу, ішімдік ішіп мас күйінде шомылу, жеке тәртіптілік пен бойкүндік, ата-аналарының балаларын жеткіліксіз қадағалау, жүзу қабілетсіздігі, ағысы қатты өзендерге шомылу болып жүр .

Түркістан облысы  Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты.