БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫРЛАРЫ

БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫРЛАРЫ

БЕЙБІТ ЗАМАННЫҢ БАТЫРЛАРЫ

 

    Біле білген адамға, ең қауіпті деген мамандықтардың бірі – ол өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға ғана тән жұмыс. Адамдардың өмірін құтқару жоғары және жауапты миссия. Қазіргі таңда, қиын жағдайға тап болғанда адамға қол ұшын созу кез келгеннің қолынан келе бермес. Мұндай әркетке нағыз ержүрек адам баратыны сөзсіз. Осындай ерлік көрсетіп, батырлық танытып жүрген азаматтарымыз аз емес.

     Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген қызметкерлеріміздің құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс қателікті кешірмейді, өйткені қызметіміз – өте маңызды және қауіпті.

     Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді. Құтқарушылар тәуліктің кез-келген уақытында, тіпті, аптап ыстық пен қақаған аязда ол отқа да, суға да түседі. Осылайша, бізге жүктелген жауапкершілікті көтеру,  құтқару, көмектесу деген мақсат күн сайын бірінші орында тұрады.

     Өрт сөндіруші қызметкердің жұмысы оңай емес. Біздің қызметкерлердің  жұмысы ерлікпен пара-пар. Өз өмірін қауіп-қатерге тіге жүріп, өзгенің өмірін арашалап қалатын жандар қызыл жалын тұтанған сайын ерлік жасайды.

 

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі