ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫН ЖОЮҒА АТСАЛЫСУДА

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫН ЖОЮҒА АТСАЛЫСУДА

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫН ЖОЮҒА АТСАЛЫСУДА


2021 жылдың 13-14 наурыз күндері болған қатты желдің әсерінен Кентау қаласы және оған қарасты елді мекендерде электр бағаналары құлап, электр жарығы сөнген болатын. Электр қуаты болмауына байланысты Кентау қаласын жылумен қамтамасыз ететін «Кентау Сервис» МКК мекемесінің жұмысы тоқтап, қала жылусыз қалды. Орын алған төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін шұғыл штаб құрылып,16 бригада жұмыс жасап жатыр. Аталған жағдайға байланысты Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №12 ӨСБ-нен 1 бригада жасақталып, қаладағы көп қабатты және жеке тұрғын үйлерге жылу жүйесін апаратын құбырларының ақауларын жою (құбырларда қатқан мұздарды еріту, жарылған жерлерін дәнекерлеу т.б.) жұмыстарын жүргізуде.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.