ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРЛЫ БОРАННАН 400-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚҰТҚАРЫДЫ.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРЛЫ БОРАННАН 400-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚҰТҚАРЫДЫ.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРЛЫ БОРАННАН 400-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚҰТҚАРЫДЫ.

Уақытша жабылып жатқан облыстық және республикалық жолдарда автокөліктерді жүргізу кезінде жол шетіне шығып, қар құрсауында қалып кету оқиғалары орын алып, Түркістан облысы ТЖД қызметкерлері тарапынан құтқару жұмыстары жүргізіді.

Түркістан облысы мен Қызылорда облысы арасындағы (Шымкент- Самара тас жолы бойында) жолда ТЖД-нің 1 техника 7 жеке құрамы, 17 ауыр жүк   автокөлігін  (34 адам), 86 жеңіл автокөлікті (жалпы 296 адам, оның ішінде 15 бала),1 ЖПП автокөлігін (Қызылорда облысының ПД-не қарасты), 2 кіші жолаушы (старикс) автокөлігін (жалпы 20 адам) қар құрсауынан құтқару жұмыстарын жүргізді.

Созақ ауданы Таскөмірсай е/м бойында ТЖД «АҚЖ» (АСО) қызметкерлері 1 жеңіл автокөлік пен 4 адамға құтқару жұмыстарын жүргізді.

ТЖД қызметкерлері мен Созақ және Бәйдібек ауданы әкімдіктерінің қызметкерлері тарапынан Одаман бұлақ асуындағы 23 адам қар құрсауынан қауіпсіз орынға құтқарылды.  

20 сағат 05 минутта Шымкент қаласы ТЖД 1 техника (урал вахтовка) 4 жеке құраммен және Созақ ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2 техника (урал, погрузчик) Бәйдібек ауданында қар көшкінінде қалып қойған адамдарға құтқаруға шықты. 

Жалпы: 107 техника (оның ішінде 17-ауыр жүк көлігі, 90-жеңіл автокөлік), 377 адам (оның ішінде 75 балалар) құтқарылды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылып  қала, аудандардағы жедел ден қою жасақтары дайындыққа келтірілді.