ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАҢА ЖЫЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

 

 

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2020 жылғы 22 желтоқсанда Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде пиротехникалық заттарды қолдану барысында жазатайым оқиғаларды алдын алуға бағытталған іс-шараларды қарқынды түрде облыстық «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында Департамент бастығының м.у.а азаматтық қорғау полковнигі Е. Акилбековтің төрағалымен кеңейтілген дөңгелек үстел өткізілді. Өткізілген іс-шараға қала, аудандағы кәсіпкерлер «ZOOM» арқылы қатысып, пиротехникалық заттарды сату кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

 

 

Осыған орай Түркістан облысының Полиция департаментімен қала аумағында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша ағымдағы жылдың 10 желтоқсанында бірлесіп жоспар бекітіліп, жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 2 түрлі алдын алу іс-шаралары атқарылатын болады.

       Облыс аумағындағы ірі сауда орталықтарында, базарларда қала тұрғындарының арасында жергілікті атқарушы органдардың, Полиция департаментінің қызметкерлері және еріктілерді тарта отырып үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде.

         Көше, үй аралау кезінде тұрғындармен, санитарлық нормаларды сақтап, түсіндірме жұмыстар   жүргізіліп, ескертпелер таратылып жатыр.

Облыс білім беру мекемелерде оқушыларға және ата-аналарға жаңа жылдық мереке күндері өрт қауіпсіздігін сақтау тақырыптарында «ZOOM» қосымшасы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

        Сонымен қатар Кәсіпкерлермен пиротехникалық заттарды сату және сақтау тәртібіне бақылау жүргізу мақсатында Түркістан облысының Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, пиротехникалық заттарды сататын ірі сауда орындарына, базарларға рейдтік іс-шараларды жүргізілуде.

Пиротехникалық заттарды сатуға лицензиясы жоқ немесе сақтау тәртібінде заң бұзушылықтары орын алған жағдайда полиция қызметкерлері тарапынан кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалады, пиротехникалық заттарды тәркілеуге алынады.

2018, 2019 және ағымдағы жылы  Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде пиротехникалық заттарды пайдалану кезінде жазатайым оқиғалар тіркелмеген.

 

ТЖД баспасөз қызметі.