Мұнара крандарын пайдаланатын кәсіпорындар өкілдерімен кездесу өткізілді

Мұнара крандарын пайдаланатын кәсіпорындар өкілдерімен кездесу өткізілді

Қауіпсіздік талаптарын сақтау – өндірістегі авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алудың басты шарты.

Түркістан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасында құрылыс алаңдарында мұнара крандарын пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерімен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.

Жиын барысында соңғы уақыттары мұнара крандарымен байланысты орын алған оқиға, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілердегі авария және жазатайым оқиға бойынша ақпарат ұсынылып, олардың негізгі себептері мен анықталған қауіп факторлары талқыланды.

Сонымен қатар, жұмыс жүргізу алдында крандардың техникалық жарамдылығын тексеру, жүк көтеру жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, іске қосу алдын техникалық куәландырудан өткізу, өндірістік бақылауды жүргізу туралы айтылып, кәсіпорын өкілдеріне мұнара крандарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік талаптарын қатаң сақтау, анықталған кемшіліктерді жедел жою және өндірістік бақылауды күшейту жөнінде тиісті ұсынымдар берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарға мұнара крандарын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын күшейту, персоналдың қауіпсіздік талаптарын сақтау деңгейін арттыру және авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі жеткізілді.