
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа университет ректоры Жанар Амангелдіқызы Темірбекова мен Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Бағдат Темірболатұлы Чайзада қол қойды.
Меморандум азаматтық қорғау саласында білікті мамандар даярлауға, сондай-ақ студенттердің теориялық білімін практикалық тәжірибемен ұштастыруға бағытталған.
Келісім аясында студенттердің өндірістік практикадан өтуі, кәсіби тәжірибе алмасу, бірлескен кездесулер мен оқу іс-шараларын өткізу қарастырылған.