Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік туралы қорытындылар берудің мәселелері қаралды

Өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік туралы қорытындылар берудің мәселелері қаралды

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының, «Азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету» мемлекеттік корпорациясының, жобалау және сараптама ұйымдарының, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік туралы қорытынды беру мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өткізілді.

Іс-шара барысында құрылыс объектілерін пайдалануға енгізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестік туралы қорытынды беру тәртібі, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдастырылуы, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері қаралды.

Кездесу қатысушыларына қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарын қолдану бойынша түсініктемелер берілді. Ерекше назар өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттілігіне және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге аударылды.