
28-29 мамыр аралығында «Өрт-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілуде. Іс-шараның мақсаты – табиғи және дала өрттері кезінде азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын тексеру және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету деңгейін арттыру.
Оқу -жаттығу аясында Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып ,барлық азаматтық қорғау қызметтеті жоғары дайындық режиміне көшірілді.
Жаттығу барысында шартты өрт ошақтарын сөндіру, халықты эвакуациялау, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталуда.