Аңдатпа: ТЖ министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан III-ші турнир

Аңдатпа: ТЖ министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан III-ші турнир

2026 жылғы 20-22 мамыр аралығында Түркістанда Төтенше жағдайлар министрінің кубогына арналған ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан III-ші турнир өтеді.

  Турнирдің мақсаты – құтқарушылар арасында спортты танымал ету, олардың кәсіби даярлығын арттыру және командалық рухын көтеру.

  Турнирге еліміздің барлық өңірлерінен азаматтық қорғау органдарының 300-нан астам қызметкері, 25-команда қатысады.

   Іс-шараның ұйымдастырушысы – ҚР ТЖМ базасында құрылған «Batyr Team» спорттық клубы.

  Өтетін орны: Түркістан қаласының «Керуен Сарай» кешені. Кіру тегін.

 

Аккредитация мәселелері бойынша

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне:

+7 776 334 04 23  хабарласуға болады