Түлкібас ауданындағы өрт сөндіру бөлімінде тұрмыстық жағдай жақсартылды

Түлкібас ауданындағы өрт сөндіру бөлімінде тұрмыстық жағдай жақсартылды

№2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ас үй бөлмесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ас үй бөлмесіне жоспарлы жөндеу жүргізілді. Жөндеу барысында бөлменің ішкі көрінісі толық жаңартылып, қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде жеке құрам үшін жайлы тұрмыстық жағдай жасалды. Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда