
Түркістан облысында жеке құрам алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік оқудан өтті.
Түркістан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамымен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. .
Оқыту Медициналық апаттар орталығы филиалының мамандарының қатысуымен өтіп, қызметкерлердің жазатайым оқиғалар мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылға дайындығын арттыруға бағытталды.
Сабақ барысында қатысушыларға жүрек-өкпе реанимациясы, қан кетуді тоқтату, сынған жағдайда шиналау, күйік, улану және басқа да шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдері көрсетілді. Тәжірибелік формат қызметкерлердің дағдыларын бекітіп, зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде сенімді әрекет етуіне мүмкіндік берді.