Құтарыс ауылындағы ерікті өрт сөндірушілерге оқу сабағы өткізілді

Құтарыс ауылындағы ерікті өрт сөндірушілерге оқу сабағы өткізілді

Сайрам ауданының Құтарыс ауылында өрт сөндіру пункті қызметкерлеріне оқу сабақтары өткізілді.

Қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндіріліп, алғашқы көмекті дер кезінде көрсетудің маңызы еске салынды. Тәжірибелік бөлім алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану дағдыларын нығайтуға және төтенше жағдайларда әрекет ету дайындығын арттыруға бағытталды. Сонымен қатар радиобайланыс құралдарын пайдалану және шақыру сигналдары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.