Түркістан облысында қар құрсауынан адамдар құтқарылды

Түркістан облысында қар құрсауынан адамдар құтқарылды

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында облыстық маңызы бар Ұланбел–Созақ–Шаян–Екпінді автожолында көліктер қар құрсауында қалып қойды.

ТЖМ күштері 4 адамды құтқарып, Алғабас елді мекеніндегі орналасқан жылыту пунктіне жеткізіледі. Медициналық көмекке олар мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ азаматтарға жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайларын ескеріп, жол қауіпсіздігін қатаң сақтау керектігін ескертеді.