
Қарамұрт ауылындағы өрт бекетінің қызметкерлері қызметтің негізгі бағыттары бойынша білімін толықтырды.
Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт ауылында ашылған өрт бекетінің қызметкерлеріне бастапқы даярлық сабақтары өткізілді. Оқыту барысында теориялық білімді бекіту және практикалық дағдыларды қалыптастыруға басымдық берілді.
Сабақ кезінде өртті сөндіру тәсілдері, өрт-техникалық жабдықты және радиобайланыс құралдарын қолдану тәртібі, кезекшілік атқару мен өртке шығу кезіндегі еңбек қорғау және қауіпсіздік талаптары пысықталды. Сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша бөлек бөлім қарастырылды.