Түркістан облысында өрт-құтқару спорты дамуы талқыланды

Түркістан облысында өрт-құтқару спорты дамуы талқыланды

ТЖД басшысы спортшылармен кездесіп, дайындық кезеңінің негізгі міндеттерін айқындады.

Түркістан облысы ТЖД бастығы, полковник Багдат Темірболатұлы Чайзада өрт-құтқару спортының жетекші спортшыларымен кездесу өткізді. Жетістіктер, оқу-жаттығу кестесі, ұйымдастырушылық мәселелер, тәртіп пен қауіпсіздік талаптары талқыланды. Негізгі міндеттер белгіленді: спорттық дайындықты арттыру, кәсіби дағдыларды дамыту және командалық үйлесімділікті күшейту. Сондай-ақ, жасөспірімдер құрамасын қолдау және жоғары нәтижелерге ұмтылу мәселелеріне ерекше назар аударылды.