Монтайтас ауылында өрт сөндіру пункті ашылады

Монтайтас ауылында өрт сөндіру пункті ашылады

«Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында Монтайтас ауылында өртке қарсы қызмет қолжетімді болады.

Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылында «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында өрт сөндіру пунктін ашу жоспарлануда.Бастама ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртке қарсы қызметтің қолжетімділігін арттыруға және бөлімшелердің келу уақытын қысқартуға бағытталған. Жоба кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылуда.