
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сарыағаш қаласында химиялық апат болған жағдайда жедел беруге арналған газқағарлар орналастырылған.
Ықтимал химиялық ластану аймағындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында газқағарлар Ордабасы ауданының Темірлан ауылынан Сарыағаш қаласына көшірілді.
Жергілікті бюджет есебінен сатып алынған жеке қорғаныс құралдары ықтимал химиялық қауіп аймағына тікелей жақын орналастырылған. Химиялық авария туындаған жағдайда газқағарлар әсер ету аймағындағы халыққа дереу беріледі.