
Іс-шара барысында оқушыларға заманауи өрт сөндіру және жолдан тыс құтқару техникасы көрсетілді, арнайы киімдер мен жабдықтарды қолдану тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар оқу ерекшеліктері, даярлау бағыттары және азаматтық қорғау органдарында қызмет атқару мүмкіндіктері айтылды.
Мұндай кәсіби бағдар беру іс-шаралары жастардың мамандықты саналы таңдауға бағытталуына ықпал етіп, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің беделін арттырады.