Түркістан облысында су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі тексерілді

Түркістан облысында су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі тексерілді

Облыстық ТЖД бастығы Б. Чайзада жұмыс сапары барысында су тасқынына қарсы іс-шаралармен танысып, тиісті ұсынымдар берді.

Жұмыс сапары барысында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б. Чайзада су тасқынына қарсы атқарылған іс-шаралармен танысып, тиісті ұсынымдар берді.

Профильді мамандардың қатысуымен облыс аумағындағы су қоймаларының жай-күйін бағалау бойынша мониторинг жүргізілді. Су деңгейлері, гидротехникалық құрылыстардың жағдайы, қорғаныш дамбалардың беріктігі және су өткізгіш құрылғылардың жұмысқа қабілеттілігі зерттелді. Су тасқыны кезеңінің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету және гидротехникалық нысандарды тұрақты бақылауда ұстаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.