Түркістан облысында демеушілердің қолдауымен 300 көміртек тотығы датчигі сатып алынды

Түркістан облысында демеушілердің қолдауымен 300 көміртек тотығы датчигі сатып алынды

Отырар ауданында қатты отынмен жылытылатын, әлеуметтік осал отбасылар тұратын үйлерге датчиктер орнатылуда.

Түркістан облысында демеушілердің қолдауымен 300 көміртек тотығы (улы газы) датчигі сатып алынды. Отырар ауданында қатты отынмен жылытылатын және әлеуметтік осал санаттағы отбасылар тұратын тұрғын үйлерге датчиктер орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстар серіктестермен бірлесіп атқарылып, алдағы уақытта облыстың өзге аудандарында да жалғасын табады.