ҚР Парламентінің депутаттары Түркістан облысының өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен танысты

ҚР Парламентінің депутаттары Түркістан облысының өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен танысты

Жұмыс сапарлары барысында Мәжіліс пен Сенат депутаттары Түркістан облысының өрт сөндіру бөлімшелеріне барып, азаматтық қорғау мәселелерін қарады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты абан Тұрсынбайұлы Әбдиев Түркістан облысының өрт сөндіру бөлімшелеріне барды. Сондай-ақ, №39 МӨСШ жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік Өтешов келді.

Сапарлар шеңберінде азаматтық қорғау мәселелері, бөлімшелердің материалдық-техникалық базасының жай-күйі, сондай-ақ олардың төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы қаралды.

Мұндай жұмыс сапарлары өзара іс-қимылды нығайтуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.