
«Nomad School» және «Green School» оқушылары Түркістан облысы ТЖ департаментіне барып, құтқарушылардың жұмысымен танысты.
Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде «Nomad School» және «Green School» мектептерінің «Жас құтқарушылары» үшін танымдық экскурсия өтті.
Іс-шара барысында оқушылар Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығының қызметімен, өрт сөндіру бөлімшелерінің күнделікті міндеттерімен танысты, сондай-ақ құтқарушылар мұражайына барды. Оқушыларға заманауи өрт сөндіру және жолдан тыс құтқару техникасы көрсетілді, арнайы киімдер мен жабдықтарды қолдану тәртібі түсіндірілді. Балалар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, оң пікірлерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді және құтқарушы мамандығына деген қызығушылықты арттырады.