
Түркістан облысы Түлкібас ауданының Келтемашат ауылында ТЖМ ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымын нығайтуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында өрт сөндіру пункттің ашылу салтанаты өтті.
Жаңа пункт 4687-ге жуық тұрғыны бар Келтемашат, Кершетас, Жиынбай, Қоғалы, Даубаба және Сеславино ауылдарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.