Түркістан облысының Ащысай ауылында «Ауылқұтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңартылған ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды.
Жаңа пункт 1700-ге жуық тұрғыны бар Ащысай ауылының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өрт сөндіру бекеті тәулік бойы кезекшілік атқаруға және шақыртуларға шұғыл шығуға қажетті барлық құрал-жабдықтармен қамтылған.