Түркістан облысы Ибата ауылында 128-ші ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

Түркістан облысы Ибата ауылында 128-ші ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды

Салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бағдат Чайзада, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов және ауыл тұрғындары мен жергілікті бизнес өкілдері қатысты.

«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жаңа пункт 10 000-ға жуық тұрғыны бар Ибата, Шоқтас және Ойық ауылдарының өртке қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.