
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Қыс–2025» командалық штабтық оқу-жаттығу өтті. Іс-шара қысқы кезеңде төтенше жағдайлар туындаған жағдайда авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құрылымдарының өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу барысында жолда қалған автокөліктер мен адамдарды құтқару, жылжымалы жылыту пункттерін орналастыру және қажетті көмек көрсету іс-әрекеттері тәжірибелік тұрғыда көрсетілді.