Түркістан қаласында әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріне газ дабылқаққыштары орнатылды

Түркістан қаласында әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріне газ дабылқаққыштары орнатылды

«Өрт қауіпсіздігі» айлығы аясында Түркістан қаласында тұрғын үйлерді аралау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Іс-шара барысында әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне 20 дана газ дабылқаққыш құрылғысы орнатылды.

Жалпы 252 тұрғын үй тексеріліп, 1080 тұрғын қамтылды. Тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері жөнінде жадынамалар таратылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасын табатын болады.