
Өрт қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жылыту маусымының қарсаңында «Үлгілі үй» акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Шара барысында департамент мамандары көп қабатты тұрғын үйлерді аралап, жылыту және электр жүйелерінің жағдайын, эвакуациялық шығу жолдарының ашықтығын, өрт дабылқаққыштың жарамдылығын қарап, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын толық сақтаған үй «Үлгілі үй» атағына лайық деп танылды. Мұндай бастамалар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және өзге үйлерге үлгі болуға бағытталған.