
Мерекелік медальді Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Асқар Төлешов арнайы тапсырды.
Бұл ерлікке, нағыз патриоттық қызмет пен адалдыққа толы отыз жыл деп айтуға болады. Отыз жыл бойы мыңдаған төтенше жағдайлар қызметінің азаматтары тәулік бойы кезекшілікке шығып, ел тыныштығы үшін өз міндетін абыроймен атқарып келеді. Мемлекет басшысының қолдауымен ТЖМ тек өрт сөндіру, апат салдарын жою ғана емес, кез келген апаттың алдын алуға қабілетті және заман талабына сай тәжірбиелі құрылымға айналды. Әрбір көрсеткіштің артында адамдардың өмірі мен тағдыры, болашағы бар. Сондықтан осындай жауапкершілігі мол қызметте адал еңбек етіп, нағыз ерлікке тән қызметті абыроймен атқарып жүрген азаматтарды 30 жылдық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларына амандық, береке тілеймін!» - деді Нұралы Әлмаханұлы.