Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы мен 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай, сондай-ақ қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан мамандарды еске алуға арналған футбол турнирі ұйымдастырылды.
Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы, ТЖД бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Думан Нығметұлы, Түркістан қаласының прокуроры Каукен Бақытбайұлы, қалалық полиция басқармасының басшысы Жасұлан Қаржаубайұлы және Түркістан қалалық кірістер басқармасының басшысы Шакен Жаңбырбаев, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқарма басшысы Асқар Әмірханұлы сондай-ақ Қорғаныс істері басқармасының полковнигі Дилмурад Абдурашитовичпен бірге қатысып, сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледік.
Іс-шараны Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі қолға алып, мемлекеттік қызметкерлер арасында ашық кіші футбол турнирін өткізді. Жарыс тартысты өтіп, қатысушылар спорттық рух пен ұйымшылдық танытты.
Мұндай шаралар – тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар бірлікті нығайтып, ерлік пен қызметке деген құрметті арттыратын игі дәстүр.