Төтенше жағдайлардың алдын алу және жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқу-жаттығудың алғашқы кезеңі өтті. Бұл кезеңде ерікті жастар мен мамандар бірігіп, қауіпсіздік ережелерін сақтау, алғашқы көмек көрсету және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын үйренді.
Қатысушылар топтарға бөлініп, тәжірибелік ойындар арқылы өз білімдерін тәжірибеде сынап, шынайы жағдайларға бейімделген тапсырмаларды орындады.
Жастар ерекше белсенділік танытып, командалық рух пен жауапкершіліктің маңызын көрсетті.
Бұл — төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығудың бірінші кезеңі, алда әлі де қызықты әрі пайдалы тәжірибелік бөлім күтіп тұр!