Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған оқу-жаттығудың екінші кезеңінде ерікті жастар төтенше жағдайлардың түрлері туралы түсіндірмелік бейнероликті тамашалады.
Қатысушылар төтенше жағдайлар басқармасынан келген мамандардың тәжірибеге негізделген кеңестері мен ой-пікірлерін тыңдап, өз білімін толықтырды.
Сонымен қатар жастар арнайы онлайн ойын платформасы арқылы ойын форматында тапсырмалар орындап, төтенше жағдайлар туралы жаңа әрі пайдалы мәліметтер алды.
Күн соңында белсенділік танытқан қатысушылар марапатталып, ерекше әсермен бөлісті.
Бұл күн ерікті жастар үшін тек танымдық қана емес, сонымен бірге қызықты, есте қаларлық тәжірибе болды!