"Ауыл құтқарушылары"бағдарламасын іске асыру жалғасуда
Түркістан облысы Созақ ауданы Бақырлы және Жуантөбе ауылдарында жаңа өрт сөндіру пункттері салынуда. Жаңа нысандарда өрт сөндірушілерге арналған қызметтік үй-жайлар толық қарастырылған. Бұл пункттер Бақырлы, Сарыжаз және Жуантөбе ауылдарының 10 418 тұрғынын өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаның мақсаты-шалғайдағы елді мекендердегі Төтенше жағдайлар кезінде жедел ден қою мүмкіндігін арттыру және халықтың қауіпсіздігін арттыру.
Түркістан облысы ТЖД