Түркістан облысының Өрт сөндіру бөлімшелеріне арналған жаңа ларингофондар
Төтенше жағдайлар кезінде байланыстың тиімділігін арттыру мақсатында Түркістан облысының Өрт сөндіру бөлімшелері үшін жалпы сомасы 19 млн 980 мың 800 теңгеге 100 заманауи ларингофон сатып алынды. Ларингофондар қатты шу кезінде, сондай-ақ маска мен дулыға қолданған кезде дауыстың нақты берілуін қамтамасыз етеді.
Жаңа жабдық құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою кезінде жедел ден қоюды қамтамасыз етеді.
Түркістан облысы ТЖД