Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Әскер Сарбатовпен кездесті. Кездесу барысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында аудан аумағында өрт сөндіру бекетін ашу мәселесі талқыланды.
Әскер Сарбатов аудан өрт сөндіру бекетінің жобасын таныстырып, бастаманың негізгі бағыттары мен артықшылықтарын атап өтті. Аудан әкімі бұл бастаманы толық қолдайтынын білдіріп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында барлық тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар жүктелетінін айтты.
Айта кетсек, жобаның мақсаты – ауылдық елді мекендердегі төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттыру, өрттің алдын алу және зардаптарды барынша азайту.